- Өңіріміздің ірі кәсіпорындары тұрғындарға күнделікті демеушілік танытуда, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде. – Алғашқы болып қаланың 16 ірі кәсіпорыны қол ұшын созды. «А-Веста Павлодар» ЖШС, «Североэнергоугольснаб», «Элит.Rz.Гортоп», «СЕВКАЗЭНЕРГОПРОМ» және «Қазақстан Алюминийі» АҚ 135 тонна көмір жеткізді.



«Табыс Кереку» ЖШС, «Сібір орманы», «Боровков В.В» ЖК, «ПВ-агропромстрой» өндірістік компаниясы 70  текше ағаштың қатты сүрегін бөлді.



«Павлодар өзен порты» АҚ тұрғындарға көмек ретінде 300 тонна құм әкелді. «Сигма» ЖШС дәл сондай мөлшерде топырақ әкеліп төкті.



- «Едіге шоң» ЖШС, «ДСК Монтаж», «Силикат Груп» және «Гранит» сауда үйі 220 тонна цемент жеткізді, - деп атап өтті баспасөз қызметінде. – 185 келі су эмульсиясын – «Держава Траст» ЖШС, 500  келі бітеуіш пен сылақты – «Билд-Сервис» ЖШС ұсынды.



Сонымен қатар, «ПВ-агропромстрой» өндірістік компаниясы алты тонна қиыршық тас пен төрт қабырғаның іргетас блогын бөлді.

«12 месяцев» құрылыс заттары дүкенінде су басқан ауданның тұрғындары үшін 15 пайыз жеңілдік жасалады. Сонымен қатар, шағынауданда 10 биодәретхана орнатылған.

- Қаламыздағы барлық ниет білдірушілерге, әсіресе ірі кәсіпорындар мен ұйымдарға Екінші Павлодардың тұрғындарын қолдауға, демеушілік танытуға шақырамыз, - деді облыс орталығының әкімдігінде. – Көмек көрсету үшін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына 63-11-01 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Айта кетейік, 8-маусымдағы жағдай бойынша Екінші Павлодардағы жерасты суларының деңгейі 15-50 см-ге дейін төмендеген.

Дулат Райымбек
Суреттер Павлодар қалалық әкімдімдігінің баспасөз қызметімен ұсынылды

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам