Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейiн заңсыз алкоголь бульдозерлермен арнайы полигондарда жойылса, қазiр бұл экологиялық таза әдiспен iске асырылады. Яғни, әр ыдысты ашып, iшiндегiсiн кәрiзге құйып, шыны шөлмектердi кәдеге жаратады.

Алкоголь өнiмдерiмен бiрге темекi өнiмдерi де тәркiлендi. Олар да жойылды. Үш мыңнан астам шылым қорабына бензин құйылып, өртелдi.

«Бәлкiм, арақ барлық стандартқа сай келетiн шығар. Дегенмен, өндiрушi белгiсiз болғандықтан және акциздiк маркалар қолдан жасалғандықтан олар одан әрi тауар айналымына жарамайды. Тауары тәркiленген адамдардың барлығы сот үкiмiмен әкiмшiлiк жауапқа тартылды», - дедi СҚО Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң басшысы Аман Төрегелдин.

pavlodarnews.kz

Тэги: