Бұл туралы әнші облыс орталығындағы шығармашылық кешінде айтып берді.

-    Туған жеріме келіп ән айту ерекше күш береді, - деді Роза Мұқатаева. – Өзімді бақытты сезінемін. Павлодар тұрғындары үшін қуаныштымын. Өйткені, жаз бойы Ertis Promenadе сахнасында керемет концерттер өтеді. Бүгін бір сағаттық жаңа бағдарламамен келіп тұрмын. Оның ішінде ешқайда айтылмаған әндерім де бар - «Ұмытпашы», «Биле», «Сүйемін», «Қазақ жастары». Халық жақсы қабылдайды деген үміттемін. Елімізді осындай қуанышты сәттерден айырмасын!



Сонымен қатар, Роза Мұқатаева қазіргі кезде тарихи телехикаяға түсіп жатқанын да атап өтті.

-    Уақытымның барлығы соған кетіп жатыр, - деді әнші. – Бұл жоба шілде айының ортасында аяқталады. Содан кейін шығармашылыққа толық кірісемін. Жаңа әндер мен бейнебаяндар жарыққа шығатын болады.

Айта кетейік, павлодарлық эстрада жұлдызы «Кейкі мерген» тарихи телехикаясына түсуде.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ertis Promenadе, мәдениет, Рухани