Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шегушілердің сөзінше, балабақшаларға иелік ететін әйел бір нұсқаны қолданған: ата-аналардан әртүрлі сылтаумен қарызға ақша алып,оларды қайтармаған.

«Менің балам «Ромашка» жекеменшік балабақшасына барған. Онда бара бастаған алғашқы күні-ақ бізге мекеме иесі Анна Богатова хабарласып, үлкен соманы - 900 мың теңге қарызға сұрады. Бізде мұндай ақша болды. Оны бір шартпен беруге келістік: баламыз 6 жасқа толғанға дейін аталмыш балабақшаға тегін барады, ал қарызын үш айдың ішінде қайтаратын болды. Қолғаты да бар. Бұл мерзім өтіп кетті. Қазір анықталып отырғаны - ол иелік еткен бірнеше балабақша жабылып қалған. Нақты айтқанда, олардың барлығы сатылып кеткен. Әйел банкрот болған. Қарыз алған адамдарының саны 20-дан астам екен. Біз полицияға арыз жаздық», - деді Татьяна есімді әйел.

Ал Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті «Ромашка» ЖШС директорының үстінен 22 қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің өндірісінде бірқатар қылмыстық іс (22) бар. Олар алаяқтық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша «Ромашка» ЖШС директоры А.М.Богатованың үстінен қозғалған және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта А.М. Богатоваға үйқамаққа алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы Қазыбек аудандық сотына өтінімхат жолданды. Іс бойынша тергеу жалғасуда», - деп атап өтті ІІД-ден.

Өз кезегінде қалалық Білім басқармасы «Ромашка» ЖШС-мен келісімшарттар жасаспағанын айтуда. Сол себепті жағдайға араласуға құқығы жоқ.



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға