Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Жігіт жуырда Железнодорожный кентінің 65 жастағы жергілікті тұрғынының үйінде болған, - деді баспасөз қызметінде. – Өзін серіктестік жұмысшыларының бірі болып таныстырып, жақында спутник станциясы жұмыс істеуін тоқтататындығын айтып түсіндірген. Сондықтан спутник антеннасына қосымша пакет қосуды ұсынған. Оның жаңа арналар қажет деп азғырған сөздеріне сенген зейнеткер ойланбастан оған 20 000 теңгесін беріп қояды. Ақшалай қаражатты алысымен, «жалған жұмысшы» бірден ізін суытып үлгереді. Алаяқ кеткен соң жәбірленуші күдіктеніп, анықтама бюросына қоңырау шалған кезде ондай ЖШС жоқтығын біледі. Арналардың еш өзгермегенін тексерген тұрғын полицияға жүгінеді.

Тергеу барысында полицейлер күдікті ретінде ұсталған ер адамның бұрын әртүрлі қылмыстар үшін  сотталғанын анықтады. Аталмыш факті бойынша облыстық ІІД-нің барлық жеке құрамы бағдар алды. Қылмыстық іс бойынша істің мән-жайын толық және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Ведомство осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттерінен жәбір көрген азаматтардан 37-76-11 телефондар арқылы немесе 102-ге қоңырау шалып шағымдануын сұрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам