Бұл туралы облыстық ТДЖ-нің баспасөз қызметі  хабарлады.

-    Оқиға кешкі сағат 18.50-де орын алды, - деді баспасөз қызметінде. – 1 Май көшесі 383/1 мекенжайындағы бес қабатты үйдің екінші кіреберісінің төртінші қабатында балкон жана бастаған. Ағаштан жасалған балкон мен терезе толықтай жанып кеткен.  Өрт үстіңгі қабаттың балконынан тарап кетті. Сонымен қатар, қызыл жалынның жоғары температурасынан үшінші кіреберістің төртінші қабатында орналасқан пластикалық балкон  балқып кеткен. 

Жалпы өрт сегіз шаршы метр жерді шарпыған. Үйден 20 адам шығарылды. Оның үшеуі - бала. Қазіргі уақытта өрттің шығу салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнында төрт өрт сөндіру көлігі мен 12 өрт сөндіруші тартылды.

Бұдан басқа, 9 маусым күні сағат 00.19-да Толстой көшесі, 82 үйдің алтыншы және жетінші қабатынының арасында қоқыс жанды. Салдарынан  сегіз ересек және екі бала сыртқа шығарылды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ.

ТЖД облыс тұрғындарынан жазғы мезгілде өрт шығу қауіпсіздігін қатаң қадағалауды сұрайды.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға