Куәгерлер түсірген видео Instagram желісінің @tipavlo парақшасында жарияланды.  

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Кастинг» АҚ маңында, қаланың солтүстік өндірістік аумағында болған.

- 2007 жылы шығарылған жүк көлігінің кабинасы толықтай жанып кетті, - деді баспасөз қызметінде. – Сонымен қатар, көліктің үш доңғалағы да отқа оранып, өрттің жалпы аумағы сегіз шаршы метрге жеткен. Алдын ала болжам бойынша, көлікің  өртенуіне мотордағы қысқа тұйықталу себеп болды. Зардап шеккендер жоқ.

 

Назым Қарабаева

Фото:@tipavlo

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар