Бұл туралы Қазақстан Күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Жарысқа 12 елден 225 спортшы қатысты, - деді баспасөз қызметінде. – Ерлер мен әйелдер 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Халықаралық турнирде жеңімпаз атанған балуандар 1000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, күміс жүлдегерге 800 АҚШ доллары және қола жүлдеге ие болған балуанға 500 АҚШ доллары табыс етілді.

Саятбек Оқасов 65 келі салмақта белдескен. Жерлесіміз жартылай финалда монғол палуанын жеңсе, соңғы айқаста якутиялық Виктор Рассадинге есе жіберді.

Айта кетейік, үш алтын, екі күміс, бес қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

Оразбек Саяхат
Фото: wrestling.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Саятбек Оқасов, спорт