Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Sportх.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айрылды. Олардың сынамаларында тыйым салынған заттар табылып, төртеуі екі жылға жарыстардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2018 жылдың 10 маусымында аяқталды.

Жарыстан шеттету туралы белгілі болғанда Майя Манеза мен Светлана Подобедова спорттық мансабын аяқтағаны туралы хабарлады. Ал, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло спортта қалу туралы шешім қабылдап, осыдан бірнеше ай бұрын белсенді жаттығуға кірісті.

pavlodarnews.kz

Тэги: