- Президенттік көпсайыс кешенді жарыс болғандықтан, қысқа және ұзақ арақашықтықта жүгіру, ұзындыққа орыннан секіру және граната лақтыру сияқты спорт түрлері қамтылды. Президенттік көпсайыс спорт түрінен кейін, мемлекеттік қызметшілердің құрама командасы және Зейін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі құрама командасы арасында үлкен футболдан достастық кездесу ұйымдастырылды, - деді дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінде.

Қорытынды нәтиже аталып өткен әр жарыста жинаған ұпай санын қосу арқылы есептелді. Жеңімпаздар медальдармен және мадақтамалармен мараппатталды.

Атап айтсақ, 18-34 жас ерекшелігі бойынша ерлер арасында 156 ұпаймен Қанат Балтабаев 1-орынды, Марғұлан Әлжанов 143 ұпаймен 2-орынды және Зейнолла Талипов 128 ұпаймен 3-орынды қанжығасына байлады.

18-34 жас ерекшелігі бойынша қыздар арасында Аяна Нұрғалиева 36 ұпаймен 1-орын, Мерей Абенова 22 ұпаймен 2-орын және Баян Макишева 13 ұпаймен 3-орын иегері атанды.

35-49 жастағы ерлер арасында Жамбыл Изтулин 73 ұпаймен 1-орынға, Мейіржан Көкенов 17 ұпаймен 2-орынға ие болды.

35-49 жастағы әйелдер арасында Тоғжан Темірханова 27 ұпаймен 1-орын, Әлия Әлкенова 22 ұпаймен 2-орын және Арай Түскенова 21 ұпаймен 3-орын алды.

50+ жас ерекшелігінде ерлер арасында Бердібек Садықов 60 ұпаймен 1-орынды, әйелдер арасында Айныкеш Абдрахманова 17 ұпаймен 1-орынды жеңіп алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, спорт