Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!

* Егер мектепке дейінгі және мектеп жасында балаларыңыз бар болса;
* Егер болашақты ойлайтын ата-ана болсаңыз;
* Егер балаңыз білім гранттарының үйлестірілуіне тәуелді болмасын десеңіз;
* Егер балаңыздың банкте оның болашағына арналған жеке шоты болғанын қаласаңыз, кірісіңіздің бір бөлігін балаңыздың келешекте Қазақстанда, әрі шетелде білім алуына жинақтауды бастайтын кез келді!

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде білім беру депозитін ашып, ай сайын банктен сыйақы (банкке байланысты 14%-ға дейін) және жылына бір рет мемлекеттен сыйлықақы (5% немесе 7%) алатын боласыз. Мысалы, бастапқы жарна 7000 теңге, банктің пайызы 13,5%, мемлекет сыйлықақысы 5% болғанда:

Теңгеде ашылған депозиттер бойынша мөлшерлеме төмендейді деген ықтималдылық бар, сондықтан 6-8% емес, 13-14% алу үшін, тым болмағанда төмендемейтін қалдыққа, мүмкін болатын минималды сома – 3АЕК-ке (7 000 тг) депозит ашу мүмкіндігін қазірден бастап қарастыра бергеніңіз жөн.

Айта кететін маңызды нәрсе, бұл депозит үшінші тараптардың тыйым салулары мен басқадай шектеулерінен заңнамамен қорғалған (ҚР Азаматтық кодексімен; ҚР Қылмыстық-процестік кодексімен; ҚР Азаматтық процестік кодексімен; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңымен; «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңымен).

Сондай-ақ, білім беру депозиттері 10 миллион теңгеге дейінгі сомада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.

Сонымен қатар, жинақтың сомасы мен мерзімдерін салымшы өз бетінше белгілейтіндігін айта кету керек. Бұл сіздің отбасыңыздың бюджеті үшін өте қолайлы және оған жүк түсірмейді. Жинақтауды жалғастырып, мемлекет сыйлықақысын ала отырып, оқудың ақысын бөлшектеп төлей алатыныңыз да аса оңтайлы.

Бүгін бастасаңыз, ертең балаңыз қалаған білімін ала алады!

Депозитті ашу үшін жеке куәлігіңізді, баланың туу туралы куәлігін алып, таңдаған банкіңізге: Нұрбанк ЖТСМ 14%; Цеснабанк ЖТСМ 13,5; Халық банкі ЖТСМ 12,3%; ВТБ Банк ЖТСМ 6,2% барасыз.

Толық шарттарды fincenter.kz және depozit.fincenter.kz сайттарынан немесе 88000802828 бойынша тегін Call -орталығының операторларынан білуге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: