Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам