Облыстық ішкі саясат басқармасы  ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы Еуразия қауымдастығы бірлестігінің Президенті, түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлерінің халықаралық бірлестігінің мүшесі және Венгриядағы ат туризмі бірлестігінің мүшесі  Доктор Иштван Бенц (Венгрия) «Ат үстіндегі Жібек жолы» ат экспедициясының үшінші кезеңіне дайындық жүргізуде.

Аталған экспедицияның басшысы доктор Иштван Бенц үшін бұл осымен Қазақстандағы ат үстіндегі үшінші саяхат. Ол экспедициясының екінші кезеңін «Астана ЭКСПО – 2017» бүкіләлемдік көрмесіне арнап, ат үстінде 2500 шақырымды жүріп өтіп, Ақтаудан Астанаға дейін жол жүрді.

Мысалы, 2018 жылғы 12-22 маусым аралығында ат экспедициясы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы сапарын жалғастырмақ. Ат экспедициясы 2018 жылғы 12 маусымда Астана қаласынан басталады. Мұнда Астана қаласының әкімі Әсет Орынтайұлы Исекешевтің қатысуымен Астана қаласының делегациясы экспедицияны жолға шығарып салады. Сол күні экспедиция Ақмола облысы, Аршалы ауданының Береке кентінде түнейді.  

13 маусымда экспедиция Ақмола облысының аумағы арқылы жол жүруін жалғастырады және Ерейментау ауданының Благодатное кентінде түнеп,  14 маусымда «Бұйратау» ұлттық паркінің Белодымовка маралотында лагерь құрады.

2018 жылғы 15 маусымда ат экспедициясы Павлодар облысының аумағына кіреді, ат өткелінің қатысушыларына тамақтану мен түнейтін орынды,  мініс аттарды және жол талғамайтын көліктің ілесіп жүруін  қамтамасыз етеді.  

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша ат өткелінің өтетін орындарында қоғамдық тәртіптің күзетілуі және медициналық қызметтің кезекшілігі қамтамасыз етіледі.

Сол күні экспедиция Академик Марғұлан атындағы кентінде тоқтайды (Ертіс-Қарағанды арнасы). Оларды кент әкімі  Мұрат  Қақожанов бастаған ауылдық округ делегациясы қарсы алады.

16 маусымда Павлодар облысы бойынша өз сапарын жалғастырып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесінің аумағындағы Баянауыл ауданы, Жаңажол кентінде тоқтайды, мұнда оларды аудан әкімінің орынбасары  Бақыт Тоқжігітова бастаған Баянауыл ауданының делегациясы қарсы алады.  17 маусымда  Баянауыл ауданының «Жасыбай» Ұлттық паркіне ас басын бұрады.

18 маусымда – демалыс күні ат өткелінің қатысушыларына «Жасыбай» ұлттық паркінің салттық орындары бойынша экспедиция ұйымдастырылады.

19 маусымда ат өткелі өз сапарын жалғастырып, Баянауыл ауданының Южное кентінде түнейді. 

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, қоғам, рухани