Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Железин ауданының әкімі Қанат Қашкиров мәлім етті.

- Форумды ұйымдастыру жұмыстары басталып жатыр, - деді аудан басшысы. – Біз ауданнан шыққан атақты адамдар, кәсіпкерлер және қарапайым жерлестерді бір шаңырақтың астында жинағымыз келеді. Қазақстанның түпкір-түпкірінен және Ресей Федерациясы мен Германиядан аудан тумаларын шақырамыз. Осыған орай аудан орталығында киіз үйлер құрылып, спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жерлестеріміздің балалық шағын еске алуы үшін ауылдардан арнайы көрме қойылатын болады.

Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда 40-тан аса іс шара өткізілді. Бұл бағытқа 7,2 миллион теңге жұмсалды. Сонымен қатар, ауданның 18 мектебінде «Мектепке тағзым» акциясы өтіп, мектеп түлектері мен демеушілердің көмегімен 17,8 миллион теңгеге көмек көрсетілді. Ал, биыл аталмыш акция барысында бес миллион теңге жиналды.

 

Назым Қарабаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, рухани