Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бұл жолы Павлодар облысының атлеті Диана Гейнц жетісайыстан қатысты, - деді баспасөз қызметінде. - Алғашқы күні бесінші орынға табан тіреген болатын. Алайда, екінші күні жеңімпазға тән мінез таныта біліп үшінші орынға көтерілді.

Диана Гейнц қатысқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жетісайыс екі күнге созылды. Бірінші күнінде жерлесіміз ұзындыққа секіруден бесінші орынға жайғасты. Ал, найза лақтырудан екінші орын алып, жалпы есепте бесінші сатыға тұрақтады.

18 жастағы Диана сайыстың екінші күнінде 800 метрді 5,65 секундта жүгіріп шығып, мәреге екінші болып жетті. Нәтижесінде жалпы есеп бойынша қола жүлде жолындағы басты қарсыласы тайбэйлік Гуо Кьян-Хиді артта қалдырды. Жетісайыс қорытындысында 4804 ұпай жинаған спортшы қыз өзінің жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемионатына қатысқан өзге де жерлесіміз Вероника Брославская 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын алтыншы болып кесті.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жеңіл атлетика, спорт