Бұл туралы Тengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

10 маусымда шыққан жазғы үшінші ойында, Игорь Алексеевтің (Ресей Сыртқы Істер Департаментінің өкілдері) тобы тығырыққа тірелді.

"Неліктен Оңтүстік полюстегі Амундсен экспедициясының азық-түлік қоймасында барлық қораптағы жазулар солтүстік бағытта қойылған?", - деген сұрақ қойды көрермен.

Топтың қатысушысы Сергей Ковалевский былай деп пайымдады:

"Полюсте компаспен жұмыс істеу қиындық туғызады. Сондықтан біздің ойымызша, дұрыс бағытты сілтеу үшін қораптағы жазу әдейі солтүстік бағытқа қараған".

Бұл сұрақтың дұрыс жауабы:

"Оңтүстік Полюсте поляр түні жарты жылға созылады, ал ең жарқын полярлық шамдар солтүстікте бар. Сол себептен қосымша табиғи жарықтандыруға қол жеткізу үшін қораптар солтүстік бағытқа қараған".

Нәтижесінде телекөрермен Ирина Непрокина 70 мың рубльді қанжығасына байлады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам