Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үздіктер үштігі өзгеріссіз қалды: украиндық Василий Ломаченко көш бастаса, екінші орында америкалық боксшы Теренс Кроуфорд тұр. Үшінші позицияға қазақстандық Геннадий Головкин орналасты.

Бұл ретте, мексикалық боксшы Сауль Альварес журналистердің дауыс беру нәтижесі бойынша төрт позиция жоғалтып, сегізінші орынға түсті. «Канелоның» бұл құлдырауына Головкинмен жекпе-жегі алдында анықталған допинг пен алты айға бокстан шеттетілуі әсер етті.

Қауымдастың сайтында атап өтілгендей, «BWAA мүшелерінің көбі Альвареске қарсы шығып, оны мүлдем көрсетпеген. Ол бюллетендердің 50 процентінен азын жинағандардың қатарына енді».

ТОП-10 тізімі мынадай:

1. Василий Ломаченко (11-1-0, 9 КО) - 145 ұпай;
2. Теренс Кроуфорд (32-0-0, 23 КО) - 124;
3. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - 122;
4. Эррол Спенс (23-0, 20 КО) - 79;
5. Майки Гарсия (38-0, 30 KO) - 74;
6. Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 KO) - 47;
7. Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) - 42;
8. Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) - 42;
9. Наойя Иноуе (16-0, 14 КО) - 36;
10. Кит Турман (28-0, 22 КО) - 31.

pavlodarnews.kz

Тэги: