Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында жаңа басшыны облыс әкімі  Болат Бақауов таныстырды.

-  Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің бұйрығымен  тағайындалып отырған Олег Костенко 1993 жылы  Свердлов заң  институтын  бітірген, - деді Болат Бақауов. - Мемлекеттік органдарда жұмыс істеген тәжірибесі зор.  Сізге табиғи монополияларды реттеу субъектілерін бақылау, тауарларға бағаларды бекіту және қалыптастыру,  жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс  жасау тапсырылады. Павлодар қаласы және облыс әкімінің аппараты заң басқармасында жұмыс істеген кезде жағдаймен жақсы таныстыңыз. Сондықтан кәсіби тәжірибеңіз алдағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенемін.

Олег Костенко заң   саласында еңбек жолын 1992 жылы павлодарлық «Восток» ЖШС-нде  заңгер кеңесші болып бастаған.

1993 жылы мемлекеттік монополистік қызмет және жаңа экономикалық құрылымдарды қорғау жанындағы ақпараттық-кеңестік орталықтың директоры болған.  

1993-1997 жылдары  монополияға қарсы саясат  жөніндегі Комитет заңнамасын бақылау бөлімнің басшысы, бас маманы болып жұмыс істеген.

1997-1998 жылдары  Павлодар облысы әділет басқармасы жанындағы құқықтық ақпарат орталығының басшысы,  1998-2003 жылдары облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау облыстық департаменті директорының орынбасары.  

2003-2015 жылдары «Қазақстан Алюминийі» АҚ заң басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Иртыштрансстрой» Қауымдастығы құқықтық мәселелер жөніндегі директоры.

Бұл лауазымға дейін Павлодар облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Олег Костенко аймақ басшысына облыс әкімдігінде жұмыс істегенде жинаған тәжірибесі үшін  алғыс білдіріп, артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін салуға уәде берді.

Ақбота Сейсенбаева
 
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика, саясат