Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Исатай Хикметов мәлім етті.

- Фестивальге қатысу үшін 20 елден 207 жұмыс қабылданды, – деді  Исатай Хикметов. - Олардың арасында Ресей, Англия, Армения, Австралия, Үндістан, Израиль, Иран, Ирак, Канада сынды елдер бар. Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстаннан да қызықты кинолар бар. Іріктеуден өткен 64 жұмыстың 15-і деректі фильм болса,  49-сы - ойын киносы. Жалпы қысқа уақыт аралығында барлық жұмыс қаралды.

Журналист-документалист Салауат Темірболатұлы фестивальде ұсынылатын туындылар түрлі жанрлар мен техникада орындалғанын айтты.

- Классикалық жанрдан бастап, андеграунд жанрында түсірілген туындылар баршылық,- деді Салауат Темірболатұлы. - Сондай-ақ, әскери, комедия, мәдениет, әлеуметтік драма, бүгінгі қоғамның мәселелерін айқын айшықтайтын жанрлар бар.

Ұйымдастырушылар қазылар алқасында 13 адам болатынын тілге тиек етті.

- Фестивальдің қазылар алқасында танымал режиссер, сценарист, ақын және кинорежиссер Ермек Тұрсынов келеді, - деді кинорежиссер Людмила Лебедева. - Тізімде жерлесіміз, Ресейдің халық әртісі, танымал кинорежиссер Владимир Хотиненко, продюсер және режиссер, радио және телевидение Еуразиялық Академиясының вице-президенті У Цзян, режиссер, сценарист, әртіс Сатыбалды Нарымбетов, киноәртіс Фархат Әбдрайымов, Қазақ ұлттық өнер институты театр, кино және ТВ факультетінің деканы Талғат Тайшанов бар.

 Естеріңізге сала кетсек, «ЕРТІС-CINEMA» халықаралық кинофестивалі "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру щеңберінде өткізіледі. Ауқымды мәдени шараның басты мақсаты талантты жас сценаристер, режессерлер мен операторларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, рухани