Ауызашарға қала мен ауылдық аймақтың қадірменді қариялары, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген азаматтар жалпы саны 500-ден астам адам қатысты.

Игі шараға қатысқан Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Қалалық мешіттің бас имамы Әбдімүтәліп Омарұлы Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы кең көлемде тағылымды уағыз айтты.   Дастархан жайып, Рамазан айында сауаптарын еселеп жатқан Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының басшылығына алғысын білдірді.

Кеш барысында марқұмдардың рухына дұға бағышталып,  елімізде әрдайым тыныштық пен береке-бірлік болсын  деген тілектер айтылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам