- Бұл шара біз үшін ерекше, - деді кент әкімі Дәулет Тайбулин. – Себебі, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптейтін көрме ұйымдастырылды. Аспан астындағы көрмеде тұрғындар әдет-ғұрпымызбен танысып қана қоймай, өздері де оған атсалысып, демалып қайтты.  Мұндағы басты мақсат - қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын, мәдениетін  қайта жаңғырту. 

 Дәулет Тайбулин  алғашқы рет өткізілген шара   келесі жылдары да жалғасын табуы мүмкін екенін атап өтті.

 - Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды, - деді ол. - Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынатын. Сондықтан көрмені «Жайлау» деп атап, көпшілікке қазақтың   көшпелі өмірінен көрініс ұсындық.

 Келген қонақтар бір күннің ішінде қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, киіз үй  жабдықтарымен танысып, ұлттық ойындар, алтыбақан, айтыс, қолөнерін тамашалап қайтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, рухани