- Оқушылар қаржы сауаттылығынан табысты білім алуда, - деді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. Жоба «Қазақстан Халық банкі» АҚ тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Сабақтарда банк мамандары оқушыларды SMS-банкинг, есептерді қашықтан басқару, интернет желісінде есеп айырысу мүмкіндіктерін пайдалану артықшылықтарына үйретті. Оқушылар бизнес-жобаларды жазу дағдыларына үйренді, шағын және орта бизнестің қыр-сырларын біліп, кіріс және шығыс бөліктерінің есептерін жүргізді, жобалардың пайдалану мерзімдерін есептеп шығарды.

Бизнес-марафоны оқушыларға қаржылық идеялар теориясын тәжірибеде іске асыруға мүмкіндік береді. Шараға қатысқан №1, 17, 29, 34 ЖОМ оқушылары отбасылық бизнес жобаларын ұсынды.

№1 мектептің 10-сынып оқушысы Анастасия Юнеман өзінің «Шаштараз өнерін дамыту» атты отбасылық бизнес-жобасын жасаған.

- Жобаның артықшылығы - әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға арналған мереке күндерінде заманауи технологияларды пайдалану, эксклюзивті, шығармашылық қызметтер көрсететін тегін қызметтер ұсынылады, - деді Анастасия Юнеман. – Жобаның кіріс және шығыс бөлігін, белгілі бір уақытта ақшалай қаражат қозғалысын қарастырдым. Еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестікке қарамастан, бұл бизнес түрі бір жыл ішінде кіріс әкеледі.

№17 мектептің 11-сынып оқушысы Жасмина Мұрат CATCAFE немесе CAT HOUSE, № 29 мектептің 8-сынып оқушылары Диас Шаисмаилов және Ислам Жүнісов «Заманауи техника – ауыл шаруашылығының даму табысы» және № 34 мектеп оқушылары А. Лосева мен О. Яковлева «Мектеп зертханасы жағдайында сабын жасау» жобаларын таныстырды.

Жобаларды қала бизнесмендері, «Даму» қоры өкілдері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ өкілдері және қалалық маслихаттың депутаттары баға берді.

pavlodarnews.kz

Тэги: