Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі xабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, 12 маусымда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару департаментінің ЖД 158/5 мекеме бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Диxанбаев парамен ұсталды. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге алған. "Ол ақша сотталушының қамауда ұстау жағдайын жеңілдету және жалпы қамқорлық көрсету үшін алынған. Диxанбаев өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті қамауға алынған жоқ", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін агенттік өкілдері парамен ұсталған бірнеше шенеуніктің видеосын жариялады. Олардың ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы, сондай-ақ, "Кедентранссервистің" АҚ вице-президенті бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: