Шараға жергілікті билік өкілдері мен ардагер дәрігерлер және медицина саласының мамандары қатысты.



Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко  денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздіктерді марапаттады. 14 қызметкер қала әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хатын иеленді. 10 жас дәрігерге пәтер кілттері табысталды. Қызметтік пәтерлер шахардың коммуналдық тұрғын-үй меншігі есебінен берілді. Сонымен қатар жиынға арнайы шақырылған  ақ желеңді ардагерлерге гүл шоқтары  табыс етілді.



 Салтанатты кеш өңір өнерпаздарымен даярланған концертпен жалғасын тапты.

Айта кетейік, өңірде 30-дан астам денсаулық сақтау мекемесі бар. Осы салада 1 мыңнан астам адам қызмет етеді.




pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам