Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд уақытында полиция қызметкерлерімен 15 құқықбұзушылық жасау құралдары мен бір жүзу құралы тәркіленді.

- Құқықбұзушыларға жалпы сомасы 853 475 теңге әкімшілік айыппұл салынды, - деді баспасөз қызметінде. – Олар облыс аумағындағы қатаң түрде күзеттегі аймақтардан және балық аулауға тыйым салынған жерлерден уылдырық шашу кезеңінде балық аулаған. Сонымен қатар тексеріс барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзғандары үшін 4470 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде балық аулау тәртібін бұзу – 222, заңсыз аң аулау – 221, абаттандыру ережесін бұзу – 3973, шығару кезінде лас өнімдер нормативін асырумен автокөлік құралдарын пайдалану – 54.

Ағымдағы жылы 610 рейдтік іс-шара  өткізілді. Жедел профилактикалық «Браконьер» және «Уылдырық»  шаралары нәтижесінде экологиялық қылмыстық құқықбұзушылықтар саны бір саты төмендеді, орман ұрлықтары 75 пайызға, ал ағаштарды заңсыз кесу тоғыз пайызға азайды.

Сондай-ақ «Уылдырық» ЖПШ барысында судағы полиция Ертіс алқабында катермен патрульдей жүріп рейдтік шараларға қатысуда. Су полициясымен анықталған судағы 30 құқықбұзушылықтың үшеуі - қылмыстық құқықбұзушылық. Уылдырық шашу кезінде жеті келіден астам бекіре тұқымдас сүйрік балығын, екі келі көксерке және бес келі ақтабан балықтарын аулаған браконьерлер ұсталды.

Айта кету керек, облыс тас жолдары мен аңшылық-балық аулау шаруашылықтарына кіреберіс пен шығысында полиция қызметкерлерімен рейдтер жүргізілуде.

Құқық сақшыларымен «Ертіс» бекетінде екі ер адам ұсталды, оларды тексеру барысында полиэтилен пакетте бекіре тұқымдас сүйрік балықтары анықталды.

Заңсыз балық аулаудың үш фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы