Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында ведомство бастығы Жасқайрат Қайыров айтты.

-  Бес айдың ішінде ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 205 бос орын бар, - деді Жасқайрат Қайыров. – Бұл шамамен 16 пайыз.  Көбінесе жол-патрульдік полициясына 136 адам, 47 учаскелік инспекторы  жетіспейді. Павлодар және Екібастұз қалаларына,  Шарбақты, Качир аудандарына тәртіп сақшылары қажет.

Спикердің айтуынша, ауылдық аймақтарға қызмет ететін 130 инспектордың 112-сі өз учаскесінде тұрса, аудан орталықтарында орналасқан 18 адам әкімшілік учаскелерге барып келіп жұмыс істейді.  Қалған 63-інде ғана өз баспаналары бар.

-  Әрине, бұл тиімсіз, - деді ведомство басшысы. - Себебі, учаскелік инспектор үнемі азаматтардың  қасында болуы керек. Сондықтан жұмысқа қабылдаған кезде сол ауылдың тұрғыны болғанына назар аударамыз.


Ақбота Сейсенбаева
Фото: Маргарита Чудакова


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам