Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында  экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Анатолий Бойчин  мәлім етті.

- Комиссия көлік инфрақұрылымы, инвестициялық жобалар, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамның қауіпсіздігіне қаржы бөлінуіне жауап береді, - деді Анатолий Бойчин.   – Бүгінде бюджет кодексіне сәйкес өзгерістер енгізіліп отыр. Үстемеақы білім берудің жаңартылған мазмұны  бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыратын және ұлттық біліктілік тестілеуден өткен педагогтарға төленеді.  Облыста 305 адам жоғары санатты шебер педагог, 468 адам бірінші санатты зерттеуші, 798 адам сарапшы мәртебесін және 635 адам модератор біліктілігін алады.

Өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, республикалық бюджетті нақтылауға байланысты қосымша 14,2 млрд теңге мақсатты трансферттер мен несие бөлінген. Оның ішінде 2,7 млрд теңге  әлеуметтік салаға  қарастырылған.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында үстемеақы мөлшері лауазымдық қызметақыдан 30% құрайтынын атап өткен. Бұдан өзге, мұғалімдерге үстемеақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі.   Біліктілік деңгейіне  санаттар ұлттық біліктілік тесті арқылы тағайындалады. Расталған біліктілікке байланысты үстемеақы 20-50%-ды   құрайды.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім