Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт кеше сағат 18:13 минутта Волгоградская көшесіндегі Төлеубек қажы мешітінде тіркелді. Имамдар бөлмесінен шыққан өрттен бөлмедегі жиһаз, жеке заттар мен тұрмыстық техника жанды. Өрттің аумағы 10 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 19:07-де толық ауыздықталды. «Тексеру кезінде тілсіз жаудың шығуына қатысты 2 болжам қарастырылып отыр.

Өрт найзағайдың кесірінен немесе электр құрылғыларының авариялық жағдайда жұмыс істеуінен болуы ықтимал. Қазір нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға