Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл атақты екінші жыл қатарынан «Манчестер Юнайтед» клубы жеңіп алды. «Қызыл сойқандардың» нарықтағы бағасы 3,511 миллирад еуроға бағаланып отыр. Өткен жылы олардың құны 3,143 миллиард еуро болған. Аталған тізімде екінші орында мадридтік «Реал» (3,482 млрд) клубы тұр. Үздік үштікті каталондық «Барселона» (3,461) клубы түйіндеп тұр. Сондай-ақ, әлемнің қымбат деген он клубының тізімін ұсынамыз:

4. «Бавария» (Германия) – 2,608;

5. «Манчестер Сити» (Англия) – 2,107;

6. «Арсенал» (Англия) – 1,906;

7. «Челси» (Англия) – 1,755;

8. «Ливерпуль» (Англия) – 1,655;

9. «Ювентус» (Италия) – 1,253;

10. «Тоттенхэм» (Англия) – 1,053.

Рейтингтің Топ-20 клубы тізімінде бірде бір ТМД елдерінің командасы жоқ.

2017/18 жылғы футбол маусымында «МЮ» бірде бір кубок ұтпады.

pavlodarnews.kz

Тэги: