Бұл туралы «Ақжол» жеке кәсіпкерлігінің иесі кәсіпкерлер палатасында өткен бизнес құралдарын қолдау көрмесінде айтты.

- Өткен жылы бір ай бойы кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін курстан  өткен болатынмын, - дейді қолөнерші. – Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алып,  кәсібімізді кеңейткіміз келеді.  Былғары аяқ киім шығару үшін арнайы құрал-жабдықтар мен таза былғары әкелу қажет.

Тігінші мамандығын меңгерген кәсіпкер үш жылдан бері кестеленген сөмкелер мен  арнайы тапсырыс бойынша ұлттық нақышта безендірілген  төсек-орын, киімдер шығаруымен айналысады.  Өндіріске қажет шикізатты тапсырыспен Моңғолиядан  жеткізеді.

- Бұл маусымдық жұмыс, - дейді Гүлнар Өнерханқызы.  Қыста тоқтап тұрады.  Әлеуметтік желілер арқылы Алматы мен Астана қалаларында   үлкен көлемде тапсырыс беретін тұтынушыларымыз бар. Қазіргі таңда Павлодар қаласында Академик Сәтбаев көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан орында өз тауарларымызды саудалаймыз.   

Отбасылық бизнесті  жолдасымен бірге дөңгелетіп отырған қолөнерші  бастапқыда бұл іске өз қаржысын салғанын айтады.  Өткен жылы  «ЭКСПО-2017» көрмесінде  өз тауарларын ұсынып,  бір миллион теңгеден астам табыс тауып келген.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика