Взвод командирі болып полиция кіші сержанты Бердібек Даянтах бекітілген.

- Бүгін облыстық ІІД басшысының бастамасымен жол-патрульдік полиция батальонының ат взводы ашылуда, - деді Бердібек Даянтах. - Бұл взводтың міндеті – саябақтар мен саяжайларда қылмыстың алдын алу, қылмыс орын алған жағдайда ізін суытпай қылмыскерлерді құрықтау, құқықбұзушылықты болдырмау. Аттардың бәрі үйретілген. Полицейлер де атқа мінуді біледі. Әркімнің өз жылқысы мен арнайы базамыз бар. Жануарларды сол жерде ұстап, азықтандырамыз.

Атты полицейлер взводы қаланың оңтүстік бөлігіндегі Саяжай шағын ауданында патрульдік міндет атқарады. Патрульге командирмен бірге 14 полицей шығады. Жануарлардың барлығы – қарапайым қазақ жылқысының тұқымынан.

Павлодар қаласы ЖПҚ басшысы, полиция майоры Арман Каптаевтың айтуынша, алдағы уақытта атты полицейлердің саны 70-ке дейін жеткізіліп, қаланың солтүстік бөлігіне патруль жасайды.

- Соңғы уақытта саяжайларда ұрлық көбейген, - деді Арман Каптаев. – Өйткені саяжайларды ешкім күзетпейді. Ендігіде осы атты полицейлер қауіпсіздік міндетін атқарады. Аттылар таңертең, күндіз және кешкі ауысымдарда кезекшілікке шығады. Қысқы мезгілде аттыларды автомобильді полицейлер алмастырады.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, атты полицейлер, қоғам