Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов мәлім етті.

- Былтырғы жылы өсімдік шаруашылығына 3,5 миллиард теңге бөлінген болатын, - деді Байболат Рахымжанов. – Алдағы уақытта да субсидия көлемі азая береді. Өйткені қаражат несиелеу, пайыздық үстеме сынды басқа бағыттарға жіберілуде. Дихандарға қаржы бес бағдарлама бойынша – көктемгі егіске қажетті заттардың құнын арзандату, гербицид, минералды тыңайтқыштар сатып алу, су ақысы және тұқым шаруашылығына ұсынылады.

Байболат Рахымжановтың айтуынша, «Минералды тыңайтқыштар» бағдарламасы бойынша субсидияға өтініштер электронды түрде қабылданып жатыр. Өзге бағдарламалар осы жылдың ішінде электронды нұсқаға көшіріледі.

Айта кетейік, биыл «Көктемгі егіске қажетті заттардың құнын арзандату» бағдарламасы бойынша облыста жеңілдетілген бағамен 16 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 100 пайыз таратылды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, экономика