Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Балжан Әділханова мәлімдеді.

- Қазылар алқасы құрамында Шолохов атындағы Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық институтының эстрада-джаз бөлімінің меңгерушісі Виктор Забияко, Веронск мемлекеттік консерваториясының құрметті профессоры Александр Добронравов, Ресей сазгерлер одағының мүшесі, сазгер, продюсер Валерий Лавров, Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы, сазгер, джаз пианисі, Ресей сазгерлер одағының мүшесі Антон Буканов балалардың өнері мен техникалық дайындығын жоғары бағалады, - деді Балжан Әділханова.

Конкурстың қорытындысы бойынша Тимур Айтмағамбетов І дәрежелі лауреат, Алиса Чистова ІІ дәрежелі және Давид Алин ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

Тимур Айтмағамбетов Теміржан Базарбаевтың «Экспромт» туындысын орындадса, Алиса Чистова А. Гиллидің «Тихоокеанские пираты» пьессасын ұсынды. Давид Алин саксафонда Геннадий Гладковтың «Проснись и пой» джаз жанрындағы шығармасын ұсынды.

Айта кетейік, музыка сайысына Мәскеу, Санкт-Петербург, Псков, Тула, Ханты-Мансийск автономды округы, Хабаровск өлкесі, Беларусь, Татарстананнан келген 900-ден астам жас музыкант қатысты.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет