Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде аталған шара Павлодар облысының 80 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналды.

Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастарын анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, сондай-ақ жастар арасында тіл мәдениетінің деңгейін, қолданылуын арттыру мен жастардың мәдени, рухани дамуына үлес қосу.

Байқау барысында бойындағы бар білімі мен өнерін ортаға салған сайыскерлер ұсынылған тақырыпқа сай эссе жазу және қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу, шығармшылық өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті.

Байқау нәтижесі бойынша Павлодар көлік және коммуникация колледжінің студенттері Марина Харчук I жүлделі орынды, Виолетта Боранбаева II орынды  иеленді. III орынға Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Берта Дебрецени ие болды. Сайысқа қатысушы үміткерлердің барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы Харчук Маринаға республикалық кезеңге жолдама берілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: рухани