Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде дауыл соғып, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.

Қарағанды облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады

pavlodarnews.kz

Тэги: