Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхаммедкалый Абылғазиев Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрі Қашқар Джунушалиевпен кездесті. Олар Мәскеуде қырғызстандық жүргізуші көлігімен жол шетіндегі бір топ адамды қағып кеткені жөнінде оқиғаны оқиғаны талқылады.

«16 маусым күні Мәскеудің орталығында отандасымыз Чынгыз Анарбек уулу жаяу жүргіншілерді көлігімен қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше адам зардап шеккен, олардың қатарында футбол жанкүйерлері де бар. Бұл - өте қайғылы оқиға, дегенмен ол қасақана жасалмаған», - деді Абылғазиев.

Абылғазиев жақында Ресейге сол елдің Ішкі істер министрі Владимир Колокольцевпен кездесуге аттанғалы жатқан Қашқар Джушуналиевке зардап шеккен науқастардың жағдайын біліп қайтуды тапсырды.

«Болған жайт Ресей Федерациясында жұмыс жасап жүрген жерлестермізге ешқандай кесірін тигізбеуі керек. Бұл - жазатайым оғиға. Қырғыз Республикасы Үкіметінің атынан көлік қағып кеткен адамдардан кешірім сұраймын және Қырғызстанға демалып, ем қабылдауға шақырамын. Бізде денсаулықты қалыпқа келтіріп, керемет демалу үшін барлық жағдай жасалған. Зардап шеккендердің ұшып келуі мен демалысын ұйымдастыруға қажет барлық шығынды өз мойнымызға алуға дайынбыз», - деді қырғыз Үкіметінің басшысы.

Сондай-ақ, Абылғазиев Ішкі істер министріне Чынгыз Анарбек уулумен кездесіп, білікті заңгердің қызметін ұсыну мәселесін шешуді тапсырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: