Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Өңір басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жарысқа кәсіпқой және жас велошабандоздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Александр Винокуров пен Құмар Ақсақалов жарыс басталардың алдында жарыстың қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Егер сіздердің араларыңызда біреуіңіз Олимпиада чемпионы атансаңыз, керемет болар еді. Жаттығыңыздар, мақсат қоя біліңіздер. Тек алға ұмтылып, менің үлгіммен барлығына қол жеткізіңіздер», - деді чемпион.

Жарыстың қатысушылары 5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Веложарыс аяқталғаннан кейін велошабандоздарға естелік медальдар табысталды. Бұл жарыс Александр Винокуровтың жүлдесіне өткізілетін «Қызылжар-2018» халықаралық веложарысының қорытынды кезеңі болды. Құмар Ақсақалов көпкүндік веложарыстың дәстүрлі түрде жыл сайын өтетініне уәде етті.

pavlodarnews.kz

Тэги: