- Ашылу салтанаты 2018 жылы 21 маусым күні сағат 16.00-де басталады, - деді көркемсурет музейінде. – Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары  2 шілдеге дейін тамашалай алады.

Алинов Қабдулбари Жанабайұлы Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1970 жылдан бастап 1972 жылға дейін Н.К. Крупская атындағы сырттай өнер университетінің (Мәскеу) кино-фото өнер факультетінде оқыды. Жарты ғасырдан астам уақыт Ертіс ауданында өмір сүріп, жұмыс істеп, педагогикалық қызметпен айналысқан. Спорт жаттықтырушысы,    КазКСРҒА   (Алматы қ.) бітіргеннен кейін  агроном, диқаншы қызметін атқарды.

2006-2015 жылдары Павлодар автомобиль көлігі колледжінде өндірістік оқытудың шебері болып жұмыс істеді. Осы жылдар бойы фотосуретке деген құштарлығы басымдық танытқан.

Ол бұл өнерге деген көзқарасын өзінің 8000-нан астам фотосуретінде білдірген. 40 жылдан астам уақыттан бері Ертіс ауданы шаруашылығының тарихы, отандастарының өмірі мен тұрмысын бейнелейтін фотоматериалдары 160 альбомда жинақталған.

Экспозицияда портреттер, табиғат көріністері, күнделікті және мерекелік оқиғалар бейнеленген 120-дан астам жанрлық фотосурет  ұсынылған.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, қоғам, рухани