Басталуы: 2018 жылдың 20 маусымы күні сағат 11.00-де.

Қуыршақ - сәндік-қолданбалы өнер тарихындағы аз зерттелген таңғажайып феномен.  Шынымен, қуыршақтардың өз әлемі бар ма? Әлеуметті бейнелейтін адамдар әлемінен қарама-қарсы өмір сүре ала ма? Бұл сұрақтардың жауабын авторлық қуыршақтар көрмесінен табуға болады.

Көрменің идеясы мен мағынасы – қуыршақтар тақырыбындағы  нысандардың сан алуандылығын көрсету: өткен күндер, болашаққа деген көзқарас, ұлттық  интерпритациялар, авторлық ізденістер, дәстүрлі образдар мен сенімді эксперименттер.

Көрмеге Алматы мен Павлодар облысының шеберлері жасаған 100-ден астам қуыршақ  қойылған. Сондай-ақ музей қорынан ұсынылған Дымков ойыншықтары коллекциясы мен кескіндеме туындылары бар.

Көрермендерді асыға күтетін қуыршақтар көрмесінде коллекционерлер мен отбасы мүшелері  бір алаңда қуыршақтардың сан алуан түрін  тамашалай алады.

Көрме 2018 жылдың 22 шілдесіне дейін жалғасады.


pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, қоғам, рухани