Жаттықтырушы Динара Айтжанованың айтуынша,  шара барысында аймақтан жиналған түрлі сала қызметкерлеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы не үшін қабылданғаны және оның мақсаты,  дұрыс түсініп, қоғамға жеткізу  сынды сұрақтар қозғалады.

- Бүгін  тренингке аудандық және қалалық мекеме-ұйымдардан 30-ға жуық адам қатысып отыр, - деді Динара Айтжанова. – Мақсатымыз - қызметкерлерді күнделікті жұмыстарын креативті ойлау арқылы жүргізуге үйрету. Келген қатысушылардың көбін жастар құрайды. Олар барлық ақпаратты тез қабылдайды. Бүгін біз зеріктіріп жіберетін жұмыстардың бағытын қалай ауыстыруға болатынын сөз етеміз және оны ойын арқылы жеткіземіз. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына да қатысты болмақ. Тұрғындардың арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын дұрыс түсіне алмай жатқандар бар. Оның бар сыры өзінің атауында. Біз рухани жаңғыруымыз керек, өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуіміз керек.

Семинар-тренинг кезінде бәсекеге қабілеттілік, заманауи қоғамдық трендтер, жеке  қоғам санасын жаңғырту, БАҚ пен әлеуметтік желідегі жұмыс, креативті ойлау, жобаларды басқару сынды тақырыптар  көтеріледі.

 

Назым Қарабаева

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, рухани