Еске сала кетейік, 1-маусым күні Mektep Pavlodar  сандық жобасы іске қосылған. Бағдарламаны әзірлеушілер - «BFGroup Inc» ЖШС.

Балаларды 1 сыныпқа жіберу үшін  құжаттарды қала мектептеріне smart-pavlodar.kz сайты арқылы жолдауға   болады.

-  Біз ата-аналар жіберген барлық өтінімдерді  қараймыз. Көпшілік  бағдарламаны белсенді қолдана бастады. Өтінішті қарастыру нәтижелерімен ата-аналар арнайы хабарлама арқылы таныса алады. Ол өтініш берушінің жеке поштасына немесе ұялы телефонына жіберіледі. Өтінішті қарау мерзімі - бес күн, – деді қалалық білім беру  бөлімінде.

Құжаттарды электронды форматта тапсыру уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық іс-әрекеттер айқын болмақ. 1 сыныпқа қабылдауға өтініш беру мерзімі   1 маусымнан 30 тамызға дейін жалғасады.    Білім беру бөлімінің ресми сайтында құжаттарда жіберуге арналған серверге сілтеме бар.

-  Біз заман талабына сай келетініміз өте керемет,  - дейді Камила Мақажанова. - Енді бос уақытыңыз болған кезде, жұмыста немесе үйде балаңызды 1 сыныпқа қабылдау үшін өтініш бере аласыз. Біз беріп те қойдық. Менің ұлым Нұрхан осы жылы алғаш рет мектеп партасына отырмақ. Өтініштің жауабы келді.  Ұлымызды № 25 мектепке бірінші сыныпқа қабылдады.  

1 сыныпқа қабылдау үшін  қажет құжаттардың тізімі келесідей:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін
қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық
көшірмесі;
4) 3х4 көлеміндегі цифрлық фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының
электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).


Фото: Елизавета Весленева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам