Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Светлый город», «Интерлайт», «Индустрия света», «Павлодар-энерго КЗ»  ЖШС, АҚ «ПЭТК» тұрғын үйлерде жарықтандыру құралдарын орнатудан басқа, үйішілік электр желілерін ары қарай ұстау мен қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Ол үшін әр үйден 150-250 теңге  ай сайын ақша төленеді.
 
 «Светлый двор» ЖШС, «ЭССО» ЖК подъезд ішілік, подъезд үстінде жарықтандыру аспаптарын тек бір реттік орнату қызметіне жауап береді, үйішілік электр желілері мен жабдықтардың ары қарай ұстау қызметін атқармайды.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес кондоминиум нысандарына қызмет көрсету негізі көпшілік пәтер иелерінің басқару органымен бірлесіп өткізілген жалпы жиналысында дауыс беру нәтижесі болып табылады.

Кворум болмаған жағдайда ҚР  «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңының 42-бабына сәйкес дауыс беру жазбаша сауалнама  жүргізу арқылы  жүзеге асырылады  және жазбаша сауалнама жүргізу кезінде пәтер иелерінің ішінен жауапты адамдарды тағайындау, кейіннен сауалнама парақтары бойынша басқару органдарымен келісу міңдетті шарт болып табылады.

Сервистік компанияларды (лифттер, жарықтандыру) анықтауға қатысты сұрақтарыңыз туындаса, ақпарат үшін Володарский көшесі, 129 мекенжайы,  619221, 623322 телефондары бойынша Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясына жүгінуге болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам