Жол көлік оқиғасының куәгерлері суреттерді Instagram желісіндегі @tipavlo  парақшасына жүктеген. 

Жол апаты  Қамзин-Радищев көшелерінің қиылысында болған. 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген  ВАЗ 21 99 көлігі Honda Civic-пен соқтығысты. Нәтижесінде шетелдік автокөлік аударылып қалды. Көлік жүргізушісі аман.

- Жол көлік оқиғасы түнгі сағат 3:10-да орын алған, - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде. - Радищев  көшесімен келе жатқан ВАЗ 21 99 көлігі басқа көлікпен соқтығысқан. Абырой болғанда, екі көлікке де жолаушылар отырмаған. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото:@tipavlo

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, Павлодар