Жарыстың мақсаты – БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыста армрестлингті насихаттау, БАҚ өкілдері арасындағы мықты спортшыны анықтау.

Турнир 23-маусым күні Павлодар қаласы академик Шөкин көшесі, 148 мекенжайындағы «Қайсар» клубында өтеді.

Таңертеңгі сағат 9:00-ден 10:00-ге дейін салмақ өлшеуден кейін сайыс басталады.

Сайысқа 18 жастан жоғары спортшылар қатыса алады. Салмақ дәрежелері: ерлер арасында – 70 және 90 келіге дейін, 90 келіден жоғары.

Қатысушылар мен жүлдегерлер алғыс хаттар мен «Ертіс Медиа» ЖШС-нің сыйлықтарына ие болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: