Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістерін қарау барысында «Сенат енгізген өзгерістер қала, аудан, ауыл, ауылдық округ әкімдері лауазымына сайлауда қолданыстағы тәртіпті сақтауға бағытталғанын атап өтті. Осы орайда комитет Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынды. Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген өзгерістермен заңды қабылдау туралы дауыс берді.

Еске сала кетсек, осыған дейін сенаторлар Мәжіліске өзгерістер енгізген заң жобасын қайтарды. Сенат заң жобасынан аудан, қала, ауыл, ауылдық округ әкімдерін төте сайлауын енгізу нормасын алып тастаған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: