Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның 9 балалар үйінің мықты командалары жыл сайын өткізілетін «Арманыңа жақында» футбол чемпионатының Жеңімпаз кубогын иелену үшін таласқа Алматыға келді. Кубокпен қатар, жеңімпаз команда Франция астанасы Парижде «Парк де Пренс» стадионына «Пари Сен-Жермен» командасымен көзбе-көз танысу мүмкіндігіне ие болады.

2013 жылдан бері турнирдің бас жүлдесі – әлемнің үздік футбол клубтарымен кездесу.

Жоба жетекшісі Айнура Салимбаеваның айтуы бойынша жыл сайын футболға жетім немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған 300-ге жуық бала қатысады. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасында футболдың тек үлкен қалаларда ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында дамытуға себеп болары анық.

"Футболда шекара болмауы тиіс". Дәл осыны 6 жыл қатарынан армандарды орындап келе жатқан турнир қатысушылары дәлелдеп жүр. Әлемдік футбол клубтарының ойыншыларымен кездесу «Арманыңа жақында» чемпионатының жеңімпаздары үшін қазіргі таңда үлкен мүмкіндік болып отыр. 6 жыл уақыттың ішінде 11 мен 15 жас аралығындағы 2000-ға жуық қатысушы спорт әлеміне бір қадам жақындаса, олардың 56-сының армандары шындыққа айналып, өздерінің кумирлері - «Барселона», «Милан», «Челси», «Бавария», «Атлетико Мадрид» сынды клубтармен кездесуге қол жеткізді", - деді жоба жетекшісі Салимбаева.

«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Елдос Ахметов чемпионатқа қонақ болып, жас спортшыларға қолдау көрсетті:

- Осы алаңда тұрғандарыңыздың өзі сіздердің еліміздің үздік командаларының қатарында екендігіңіздің дәлелі. Талпыныстарыңыз міндетті түрде өз жемісін әкеледі. Бастысы, өз күштеріңізге сеніп, футбол командалық ойын екендігін ұмытпай, әрдайым біріге ойнаңыздар.

27 сәуір мен 29 мамыр аралығындағы Қазақстан бойынша іріктеу ойындарында биыл 10 аймақтан 21 команда бақ сынап, 9 команда финалдық кезеңге жолдама алды. Миллиондардың сүйікті ойынында еліміздің балалар үйінің 300-ге жуық тәрбиеленушілері 2 айда өздірінің шеберліктерін, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

Армаңына жақында чемпионатының 2017 жылғы жеңімпаздары қарағандылық Таңшолпанның ойыншысы Егор Конавалов 4 жылдан астам уақыт бойы чемпионат қатысушысы болып табылады. Оның айтуынша, футбол оған жеңіс және кумирлерімен кездесу мүмкіндігімен қатар, өзіне деген сенімділік сыйлады:

- Біз екі рет чемпион атандық, қазірде кубокты Қарағандыға алып кетуді жоспарлап отырмыз. Әрине, турнирге тек мықты қоманда қатысатындықтан қиын тартыс болмақ, дегенмен біз жақсы ойын көрсететінімізге сенімдімін.

Сонымен қатар «Цеснабанк» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры жас спортшыларға қолдау білдіріп, үлкендердің басты міндеті өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету екендігін назарға ала отыра, сөз сөйледі.
Нұр Отан пратиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Жұлдыз Омарбекова 6 жылдың ішінде жобаның тек дәстүр ғана емес, әр баланың кәсіби спортқа деген армандарына айналғандын атап өтті:

- Бұл жоба шынымен халықтық болып табылады. Бұнда еріктілермен қатар, кәсіби ойыншыларды есепке ала отыра көптеген адам атсалысады.

Ойын нәтижесі бойынша жеңімпаз команда анықталып, Францияға «Пари Сен-Жермен» футбол клубымен кездеседі.

Ұйымдастырушыларыдың, яғни «Baurzhan Foundation» жеке қоры, «Цеснабанк» АҚ, Қазақстанның футбол федерациясы және «Нұр Отан»партиясының басты мақсаты - ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға дарындарын шыңдауға, алдағы уақытқа мақсат қоюға көмек бере отырып, Қазақстандық футболдың дамуына үлес қосу. Алдыңғы қатарлы футбол клубтарымен кездесу балалардың өміріндегі үлкен табыстарға жетелейтін ұмытылмас сәтке айналары сөзсіз.

Финалдық кезеңге қатысушы 9 команда:

- «Барыс» №1 Алматы облыстық балалар үйі

- «Атамекен» Кызылорда облыстық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы

- «АДД» Алға балалар үйі

- «Таншолпан» Қарағанды облыстық балалар үйі

- «Факел» Литвин школа-интернат, Қарағанды облысы

- «Беркут» Рудный балалар үйі, Қостанай облыс

- «Кенжеколь» Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Павлодар облысы

- «Семей» № 8 балалар үйі, Семей қ, ШҚО

- «Арыстан», № 1 балалар үйі, Ақкөл қ, Ақмола облысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: