Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, сәрсенбі, 20 маусым күні 10.48-де Айнакөл көшесіндегі үйде 1 қабаттан 14 қабатқа дейін жеделсаты шахтасында 55 шаршы метрлік электр сымы жанып кеткен. Өрт 11.30-да ауыздықталып, 11.42-де сөндірілді. «Өрт сөндіру кезінде 80 адам, соның ішінде 25 бала эвакуацияланды. 12 адам, соның ішінде 6 бала құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп нақтылады ТЖК-да. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 15 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға