22-маусым күні сағат 18:30-да «Халық радиосының» 80 жылдығына арналған концерт өтеді. Шара барысында муызкалық номерлер, марапаттаулар және кешкі бағдарлама ұсынылады.

23-маусымда сағат 20:00-де «Ертіс-Баян жұлдыздары» гала концерті ұйымдастырылады. Оған Павлодардан шыққан қазақстандық эстрада жұлдыздары Ринат Мальцагов, Меруерт Түсіпбаева, Роза Мұқатаева және Серік Мүсәлімов қатысады.

Жексенбі 24-маусым күні сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.

Қызықты кештерден қапы қалмаңыздар!

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Рухани