Турнир ережесі бойынша № 23, 111, 86, 112, 104, 7 балабақшаның балалары екі топқа бөлініп өзара ойын өткізуде. Өз топтарында көш бастаған командалар 1-орын үшін күш сынасса, 2-орын алғандар қол жүлдені сарапқа салады.

№7 балақшаның әдіскері Динара Сәрсекеева балалалрға тәтті сыйлықтар табысталатынын атап өтті.



- Бұндай турнир бірінші рет өтіп отыр, - деді Динара Сәрсекеева. – Көрші елімізде әлем біріншілігі, өз елімізде ұлттық чемпионат өтіп жатқандықтан біз де балалар арасында жарыс ұйымдастыруды жөн санадық. Алты балабақша бірігіп ұйымдастырдық.Білім бөілімі рұқсатын беріп, қолдау көрсетті. Оған қоса, «Достар» балалар футбол клубы өздерінің кубогын ұсынып отыр. Мақтау қағаздар, тәтті сыйлықтар берілетін болады. Ең үздік қорғаушы, қақпашы, шабуылшы деген атақтар да береміз. Ата-аналар риза. №19 мектептің басшылығына, алаңдарын бергеніне алғыс айтамыз.

Сайыстың бас төрешісі «Достар» балалар футбол клубының жетекшісі Алексей Михайлюк.



№86 - №111 балақша арасындағы ойында жеңіс голын соққан Максим Ложников жарақатына қарамай ойнап жүргенін айтты.

- Кешегі ойынның басында қасқағым сәтте гол соққан болатынмын, - деді Максим Ложников. – Алайда аяғымды жарақаттап алдым. Бүгін алаңда жарақатым жеңілдегенін сездім. Гол салуға тырыстым. Бұрындары аяғым сынған болса да, біздің қыздар «Максим, Максим» деп айғайлағанда жігерленіп гол салдым. Командамыз тамаша өнер көрсетеді. Өзім бұрын «Чемпионик» клубы сапында ойнадым. Сол жерде футбол ережелерін жаттап алдым. Көп нәрсені үйрендім.

Айта кетейік, № 23, 111, 86 балақшалар бақ сынайтын 1-ші топта №86 бақша топ жарды. Екінші орын №23 балабақшаның еншісінде. Ал, екінші топтың ойындары жалғасуда.


Оразбек Саяхат

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы