Суландыру алқаптарындағы жұмыспен облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар ауданына барған іс сапары барысында танысты. Аймақ басшысы көптеген шаруа қожалықтарының басшылары инфрақұрылымды өткізіп алып, жобаларын іске асырмағандарын тілге тиек етті.

- Қанша шақырым құбырлар жай ғана жер астында жатыр, - деді облыс әкімі. - Кейбір шаруа  қожалығында суландыру көлігі болмаса, енді бірі  егіс алаңдарын сеуіп үлгермеген. Біз әр шаруамен сөйлестік. Кейбіреуінің мәселесін соттың көмегімен шешуге тура келді. Осылайша, біздің көмекпен шаруалар банктен қарыз алып, инвестор тауып алды. Бастысы, барлық өткізілген инрақұрылым жүз пайызға қосылып, жұмыс істеп жатыр.

 Суландыру алқаптарын көптеген қиындықтардан соң іске қосқан шаруа қожалықтардың бірі - «Андас». Бүгінгі таңда мұнда картоп, сәбіз бен рапс өсіріліп жатыр. Жоспарда жүгеріу өсіру бар.

- Биыл біз 850 гектар голландық және неміс тұқымды картоп салдық, - деді ШҚ басшысы Дәурен Қайрашев. – Біздің  алқапта орташа есеппен гектарынан 40-45 тонна өнім алуға болады.

Жалпы Павлодар ауданында төрт мың гектар картоп пен 3,8 мың гектар көкөніс салынды. Өткен жылы шаруалар 110 мың тонна картоп пен 116 тонна көкөніс жинаса, биыл бұл көрсеткішті одан да асыруды жоспарлап отыр.

 

Фариза Қазыбекқызы

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, ауылшаруашылығы